419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Абай − түркі әлемінің ұлы тұлғасы» атты халықаралық симпозиум басталды

  • 100
  • UPD: 11:58, 26.11.2020

«Абай − түркі әлемінің ұлы тұлғасы». Осындай атаумен онлайн форматта халықаралық симпозиум басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырылған шараға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Татарстан және АҚШ-тан 60-қа жуық абайтанушы ғалым қатысып отыр. Үш күн бойы өтетін ғылыми жиында Абай тілі, шығармашылығы мен жаңашылдығы сөз болмақ. «Абай тек қазақтың емес, бүкіл түркі әлемінің ұлы ақыны» деген қатысушылар, ойшылдың түркі халықтары әдебиетіне жаңашылдық қосқанын айтады. Айтулы шара Түркияның Эгей университеті, Еуразия ұлттық университеті мен Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының ұйытқысымен өтуде.

Гүрер Гүлсевин, Tүрік тілі қоғамы төрағасы:

- Биыл Абай Құнанбайұлы туғанына 175 жыл. Түбі бір түркі жұртының ортақ тұлғасының мерейтойы елімізде де кеңінен аталып өтіп жатыр. Өкінішке орай, бірқатар шараларымыз пандемия себепті шегерілді. Дегенмен, бүгінгі секілді симпозиумдарды ұйымдастырып отырмыз.

Марлен Әділов, PhD доктор, түркітанушы:

- Бұл симпозиумның ерекшелігі, мұнда тәуелсіз түркі елдері түгелдей қатысып отыр. Бұл дегеніміз, Абай – тек қазақтың емес, бүкіл түркі әлемінің ұлы ақыны. Ақынның қазаққа қатысты айтқаны, түркі жұртына айтқаны шүбәсіз. Сол себепті оны түркі жұртының ортақ тұлғасы десек, артық айтпасбыз. Оның шығармалары алғаш болып түркі тілдеріне аударылып, ғылыми деңгейде зерттелді.

Хабар 24 телеарнасы