419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Грэмми» сыйлығына үміткер қазақстандық өз пікірін білдірді

  • 139
  • UPD: 13:04, 26.11.2020
«Грэмми» сыйлығына үміткер қазақстандық өз пікірін білдірді

Әлемге танылған қазақстандық диджей Imanbek (Иманбек Зейкенов) «Roses» әніне жазылған өз трек-ремиксінің «Грэмми» сыйлығына үміткер болуы туралы айтты, деп хабарлады zakon.kz.

Жерлесіміз «Грэмми» номинациясы өзіне тосын сый болғанын мойындады және ол бұл туралы кездейсоқ білген.

«Күні бойы шаруаларыммен жүріп, кешке Instagram-да тікелей эфирге шықтым. Көрермендер маған «Грэмми»-ге үміткер екендігім туралы жаза бастады. Алдымен мұны қандай да әзіл деп ойладым. Бірақ бұл туралы көптеген адамдар жаза бастаған соң эфирді аяқтап, ол туралы интернеттен іздедім. Мен қатты таңғалдым», - деді Иманбек.

«Үздік ремикс» номинациясындағы қазақстандықтың бәсекелестері – Ингрид Эндресс, Чика (шын аты-жөні – Джейн Ораника), Ди-Смоук (Дэниэл Фаррис), Доджа-Кэт (Амала Дламини), Меган Ти Стэллион (Меган Пит) және канадалық ди-джей Кайтранада (Луи Селестин).

«Менің осы индустриядан хабары бар таныстарым менің жеңетінімді айтуда. Үміткерлердің әуендерін тыңдадым, мен де сондай пікірдемін», - деді Иманбек.

Хабар 24 телеарнасы