«Хабар» телеарнасында Елбасының өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильмнің тұсауы кесіледі
- 160
- UPD: 14:31, 27.11.2020

1 желтоқсанда «Хабар» телеарнасының эфирінде сағат 21:40-та журналист Айгүл Әділованың «Портрет штрихтары» деректі фильмінің бірінші сериясы көрсетіледі.
Жоба Елбасы баспасөз қызметі мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен құрылған. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Портрет штрихтары» – бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған, Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұлғасының бұрын көрерменге белгісіз болған қырларын ашатын көп бөлімнен тұратын деректі фильм. Фильм Елбасыдан алынған эксклюзивті сұхбатқа негізделген.