425,13 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Димаш Құдайберген «Виктория» музыка байқауының финалына шықты

  • 290
  • UPD: 13:26, 29.11.2020
Димаш Құдайберген «Виктория» музыка байқауының финалына шықты фото: inform.kz

3 желтоқсанда Ресейдің «Виктория» ұлттық музыка сыйлығы тапсырылады.

Әнші Димаш Құдайберген байқаудың «Үздік поп әнші» аталымында Your love әнімен ұсынылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат байқаудың сайтына сілтеме жасап.

«Виктория» сыйлығын тапсыру рәсімі Кремль сарайында өтеді. Биылғы байқауда көрермен болмайды. Алайда концерттің телевизия нұсқасы 18 қаңтарда «Россия-1» телеарнасы көрсетеді.

«Виктория» сыйлығын ақын, меценат Михаил Гуцериев, композитор, продюсер Игорь Крутой, жазушы, медиа-менеджер Юрий Костиндер ұйымдастырған.

Финалға шыққандар «Үздік жыл әні», «Үздік поп әнші», «Үздік хип-хоп орындаушы», «Үздік рок-группа немес рок әнші», «Жыл композиторы», «Жыл ақыны» секілді 14 номинацияда бақ сынайды. Онда қазіргі заманауи музыканың барлық бағыты қамтылған.

2020 жылы әртістердің көбі онлайн концерт қоюға мәжбүр болды. Сондықтан ұйымдастыру комитеті «Жылдың онлайн концерті» деген аталым ашты.

Байқау сахнасына Niletto, Филипп Киркоров пен Dava, Полина Гагарина, Artik&Asti, «Виктория-2019» сыйлығының иегерлері Димаш Құдайберген мен Zivert; Николай Басков, Артем Качер, Polina және биыл әндері Ресейде хитке айналған өнерпаздар бар.

Хабар 24 телеарнасы