421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көрермендер Қазақстанды «Евровидениеге» қатыстыру туралы петиция жазды

  • 151
  • UPD: 15:28, 30.11.2020
Көрермендер Қазақстанды «Евровидениеге» қатыстыру туралы петиция жазды Комсомольская правда

Junior Eurovision көрермендері Еуропалық хабар тарату одағына (EBU) петиция жазды.

Онда жанкүйерлер Қазақстанды ересектер арасында өтетін «Евровидение» байқауына қатыстыру туралы өтініш білдірген.

«Қазақстан JESC-ке қатысып келеді. Екі рет екінші орын алды, бір рет 6-орын иеленді. Қазақстанға ESC-ке де қатысуға рұқсат берілуі керек деп ойлаймыз», – делінген хатта.

Қарақат Башанова Junior Eurovision 2020 ән байқауында екінші орын алғанын хабарлағанбызОл байқаудың финалында әкесіне арнаған Forever әнін орындады.

Коронавирус пандемиясына байланысты Junior Eurovision 2020 финалы қатысушы елдерде телекөпір арқылы өтті. Телекөрермендер мен қазылар алқасының дауыс беруі нәтижесінде Қарақат 152 ұпай жинап, Қазақстан жүлделі екінші орыннан көрінді. Ал бірінші орынды 200 ұпай жинаған Франция иеленсе, үздік үштікті 133 ұпай жинаған Испания қорытындылады.

Хабар 24 телеарнасы