425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасыға арналған көрме ашылды

  • 331
  • UPD: 09:13, 01.12.2020
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасыға арналған көрме ашылды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасыға арналған көрме ашылды.

Көрмеде Нұрсұлтан Назарбавтың  оқушы кезінен бастап, мемлекет басқарғанға дейінгі өмір жолынан сыр шертетін жәдігерлер қойылған. Олардың қатарында  алғаш жұмысқа қабылдануы кезінде өз қолымен толтырған сауалнама, кітаптары мен  басқа да құнды экспонаттар бар. Ал суреттердің біразын музейге қарағандылық фотографтар өткізген. 

Ержан Нұрмағамбетов, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры:

- Осы зал толық елдің Тұңғыш Президентіне арналған. Бірақ ішінде барлығы әртүрлі кезеңге, мерекеге байланысты ауысып тұрады. Әртүрлі қызықты дүниелер бар. Мектепте оқығаны, Қарағандыға келгені, ішкі-сыртқы саясаты, әртүрлі ұлт көшбасшыларымен кездескен жерінен фотолар бар.

Хабар 24 телеарнасы