425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ералы Тоғжанов əнші Қарақат Башанова мен боксшы Данияр Елеусіновті қабылдады

  • 359
Ералы Тоғжанов əнші Қарақат Башанова мен боксшы Данияр Елеусіновті қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова XVIII «Junior Eurovision» əн байқауында екінші орын алған Қарақат Башанованы, əнші орындаған Forever əнінің авторы, композитор Хамит Шанғалиевті жəне орта салмақта IBF Intercontinental алтын белдеуінің иегері Данияр Елеусінов пен боксшының əкесі Марат Елеусіновті қабылдады.

Ералы Тоғжанов пен министр Қарақат Башанова мен Данияр Елеусіновке халқымызды жарқын жеңіспен қуантып, еліміздің атын шығарып жүргені үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, Қарақат Башанова XVIII «Junior Eurovision» əн байқауында 152 ұпай жинап, екінші орын алды. Ал Данияр 28 қарашада АҚШ-тың Флорида штатында бокс кешінде намибиялық Джулиус Индигоны 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кəсіпқой бокстағы 10-ыншы жекпе-жегін өткізген отандасымыз алғашқы алтын белдеуін иеленді.

Хабар 24 телеарнасы