419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда Шоқан Уәлихановтың 185 жыл толуына орай ғылыми конференция өтті

  • 172
  • UPD: 21:43, 03.12.2020
Алматыда Шоқан Уәлихановтың 185 жыл толуына орай ғылыми конференция өтті

Ғалымдар Шоқан Уәлихановтың артында қалған бай мұрасын зерттеуде соны ізденістердің бар екенін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл орайда «Шоқан ізімен» халықаралық экпедициясы кезінде табылған ғалымның тың еңбектері кітап болып жарық көрді. Басылымдарда да жарияланған. Алматыдағы Ғылым ордасында қазақтың біртуар ғалымы, тарихшы, этнограф, шығыстанушы Шоқан Шыңғысұлының туғанына 185 жыл толуына орай ғылыми конференция өтті. Іс-шара аясында Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалдық музейінің қорынан жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Онда ғалымның еңбектері мен құжаттары, фотосуреттері, өзі қолданған тұрмыстық заттары қойылған. Көрмеде сондай-ақ саяхатшының Қашқар сапарына барғанда ұстаған тапаншасы мен қайыс белдігін көруге болады. Шоқан Уәлиханов небарі 30 жасында өмірден озған. Сүйегі Алматы облысы Кербұлақ ауданындағы Шанханай ауылында жатыр.

Марал Рахатова, Ш.Уәлихановтың «Алтынемел» мемориалдық музейінің меңгерушісі:

- Жылжымалы көрменің мақсаты – Шоқан Уалихановың ғылыми мұраларын насихаттау мақсатында ұйымдастырып отырмыз. Бұл жерде біз алып келген көрмеде Шоқанның өзінің пайдаланған, отбасы пайдаланған және қолжазбалары және өзінің ата-бабалары туралы мәліметтерді ұсынамыз.

Хабар 24 телеарнасы