430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасынан «Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» жобасы көрерменге жол тартады

  • 171
  • UPD: 19:09, 11.12.2020
«Хабар» арнасынан «Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» жобасы көрерменге жол тартады

14 желтоқсан күні сағат 16:00-де «Хабар» телеарнасынан «Мен «Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» жобасының тұсаукесері жол тартады. Тележоба 50 киноновелладан тұрады, олардың әрқайсысы Қазақстанның әр түкпірінен келген қарапайым адамдардың шынайы оқиғаларына негізделген. 

Жобаның бас продюсерлері «Хабар» Агенттігінің басшысы Ерлан Бекхожин және танымал сценарий авторы Бақыт Қилыбаев.  

Ағымдағы жылдың  шілде айында «Хабар» Агенттігі бүгінгі заманымыздың батырлары туралы белгілі бір телехикаяға негіз болатын  шынайы оқиғалардың конкурсының бастау алғанын жариялады. Байқаудың қорытындысы бойынша үздік әңгімелер таңдалды, және олардың сюжет желісі бойынша кино мамандары фильмдер түсірілімін бастады.   Түсірілім процесіне Қазақстанның барлық аймақтарынан 50 шығармашылық топ ат салысты. Көрермендерге дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, курсанттардың, ұстаздардың, спортшылардың, еріктілердің ерліктері ұсынылатын болады. 

«Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» жобасы еліктегісі келетін және мақтан тұтқысы келетін адамдарға арналған жоба.       Жобаға жас суретшілерден басқа танымал актерлер қатысты, олар: «Шал» фильмінің басты кейіпкері Ерболат Тоғызақов, ҚР еңбек сіңірген артисі Наталья Долматова, театр және кино актеры Ольга Ландина, домбырашы Маржан Капсамат, Айдос Тастаев және Нұржан Мұсаев. 

Бірнеше эпизодтардың кейіпкерлері ретінде жобаға өте жас актерлер тартылды. Мысалы, Анис Төребекқызының  жасы  небәрі 1 жас 3 ай, ал Хәкімжан 7 айлық болса, түсірілім кезіндегі жобаның ең кішкентай қатысушысы Талғат Мұса 2,5 айлық ғана болған.

«Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» жобасы қазіргі шақта бізбен бірге өмір сүретін, бүгінгі күннің заманауи батырларын  көрсетуге және танытуға ​​мүмкіндік береді.

Ауқымды телевизиялық жоба Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. 14 желтоқсан күні сағат 16:00-де «Хабар» телеарнасында қазақстандық кинематография тарихының заманауи батырлары туралы әңгімелердің ең қызықты сериясының тұсау кесерін жіберіп алмаңыз.

Хабар 24 телеарнасы