427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда «Самғау» байқауының жеңімпаздары анықталды

  • 220
  • UPD: 21:46, 11.12.2020

Талдықорғанда журналистер арасында өткен «Самғау» байқауының жеңімпаздары анықталды. Алматы облысы әкімінің жүлдесіне арналған дода Елбасының идеялары мен бастамаларын және Тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті дәріптеуді мақсат еткен. «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен жүзеге асқан жоба аясында БАҚ саласының 31 қызметкері қаржылай сыйақыға ие болды.

Төртінші рет ұйымдастырылған байқауға биыл 100 ден аса материал ұсынылған. Соның ішінен үздіктері таңдап алынып, авторлары марапатталды. Жүлдегерлер қатарында «Хабар» арнасының Алматы облысындағы меншікті телеоператоры Қуаныш Түргенбаев та бар.

Қуаныш Түргенбаев, «Хабар» арнасының алматы облысындағы меншікті телеоператоры:

- Бұл жүлде телевидение болсын, газет саласы болсын бір адамның жұмысы емес, көп адамның жұмысы. Бұл біздің коллективтің жұмысы, ұжымның жүлдесі өте қуаныштымын.

Байқауда «Үздік тілші», «Үздік бейне блок», «Үздік желілік басылым», «Баспа басылымының үздік дизайнері», «Үздік фотосуретші», «Үздік бейнеклип өңдеуші» номинациясының жеңімпаздарына сый құрмет көрсетілді. Ұлт руханиятына үлес қосқан аға буынның да еңбегі еленді. 

Мәулетхан Ақсанов, «Спорт» газетінің тілшісі: 

- Әл-Фарабиге арналған 800 беттік кітап баспаға берілді. Соған құрастырушы ретінде өзімді сондай мақтанамын да Әл-Фарабиға аз да болса үлесімді қосқанға. Енді қорытындылай айтсам «Самғау» шынында да біздің жылдың аяғында журналистердің жігеріне жігер қосып қанаттандырды деп ойлаймын. 

Ләйлә Оңалбаева, «Кербұлақ жұлдызы» газетінің бас редакторы: 

- Болашаққа бағдар рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша өткен байқауда «Жылдың үздік тілшісі» атанып отырмын. Бұл мен үшін қуаныш. Бұған дейін екінші орын алғанмын. Сол кезде міндетті түрде бірінші орын аламын деп кеткенмін. Бүгін мақсатыма жетіп отырмын.

Жеңіпаздар биыл 11 номинация бойынша іріктелді. Ал келесі жылдан бастап тілшілерге танымал тележурналист Бейсен Құранбек атындағы арнайы жүлде тағайындалатын болады.

Авторлар: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы