417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ержан Максим жаңа әніне бейнеклип түсірді

  • 174
  • UPD: 10:38, 15.12.2020

Тәуелсіздік күніне тарту! «Хабар» Агенттігі» ел намысын қорғап жүрген батыр әрі өнерлі ұлдардың құрметіне арналған мерекелік бейнебаянды ұсынады. Ән «Қазақтың ұлдары» деп аталады. Туындыны талантты жас әнші Ержан Максим орындайды.

Ержан Максимнің жаңа клипі «Қазақфильм» киностудиясында түсірілді. «Қазақтың ұлдары» деп аталатын әннің сөзін ақын Рахат Әбдірахманов жазған. Музыкасы Ерболат Досболатұлынікі.

- Жарқыраған от, от. Ер жігіттер көп, көп. Солармен биік келеміз.

Былтыр Ержанның балалар «Евровидениесінде» екінші орын алғаны баршаңызға мәлім. «Бұлақ көрсең көзін аш» дейді халқымыз. Бұл клип «Хабар» Агенттігінің» өнер додаларында топ жарып жүрген Ержанға жасаған сыйы.   

Динара Бисембина, «Хабар» телеарнасының директоры:

- Жақсы тарту болды деп ойлаймын. Өйткені ол өлең, осы клип та қазақтардың тарландарына арналған. Осы бейбіт елдің батырларына арналған. Ержан Максимді қолдау ретінде осындай бейнематериалды түсірдік.

Клипке Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, кәсіби боксшы Жанқош Тұраров секілдші спортшылар мен әншілер түсті. Режиссері Нұрсерік Қамбар.

«Ән мен түсіру жұмыстары да көңілімнен шықты», - дейді өнерпаз.

Ержан Максим, «Junior Eurоvision» ән байқауының жүлдегері:     

- Қазақтың жігіттері бір-бірін қолдап жүрсін деген ниетпен осы әнді шығардық. Өте керемет өтті. Өзімізге қатты ұнады. Және де клип өте қызық болды. Әрқашан еліміз аман болсын. Жұртымыз тыныш болсын.

Тәуелсіздік күніне арналған жаңа бейнебаянның тұсаукесерін «Хабар» телеарнасынан және «Хабар» телеарнасының YouTube арнасыннан тамашалай аласыздар.

-  Қолдаса бір-бірін қазақтың ұлдары. Ешкім де жеңбеген. 

Авторлар: Ұлан Нарынбек, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы