418,54 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бейжіңде А.Құнанбайұлы мен Әл-Фарабидің мерейтойына арналған конверттердің тұсаукесері өтті

  • 122
  • UPD: 09:53, 15.12.2020

Конверттерді Қытай сыртқы істер министрлігі жанындағы фила-телисттер қауымдастығы жасап шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ осы шара аясында жергілікті жазушы мен суретші Фэн Ишудің суреттері көрсетілді. Көрме «Ғасырлар даналығы» деген атаумен өтті. Дәстүрлі қытай мәнерінде салынған картиналарда Абай және Әл-Фараби суреттері, олардың өмірі мен қазақ дәстүрлерін сипаттайтын көріністер бейнеленген.

Ма Сяолин, ҚХР СІМ жанындағы филателистер қауымдастығының хатшысы:

– Қазақстанмен байланысты конверттерді 2002 жылы шығара бастадық. Тұңғышы елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастардың орнауының 10 жылдығына арналған болатын. Сол кезден бері әр бес жыл сайын жаңа конверттер шығып келеді. Онда қос мемлекеттің байрақтары, елтаңбалары мен көрікті орындары бейнеленген. Соңғысында Қытай мен Қазақстанның ұлттық музыка аспаптарын көруге болады. Елдеріміз арасында мәдени байланыстарды дамытуда мерейтойлық конверттертердің маңызы зор деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы