425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Абай шығармалары корей тілінде кітап болып жарыққа шықты

  • 335
  • UPD: 20:53, 15.12.2020

Тұсаукесер онлайн өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іс-шара қазақтың ұлы ойшылының 175 жылдығына арналған. Конференцияда қатысушылар хәкімнің өлеңдері мен әндерін орындады.

Владислав Цой, тілші:

- Сеулдегі Қазақстан елшілігі Абайдың 175 жылдығына орай қазақ ақынның шығармаларын сүйіп оқитын оқырмандарды онлайн семинарға шақырды. Олардың арасында Хангук университетінің Орталық Азия бөлімінің студенттері де бар. Өздеріне қазақша есім қойып алған корейлік жастар Абай өлеңдерін жатқа біледі.

Блиц 1:

- Менің қазақша атым Інжу, корейша атым Джи Вон.

Блиц 2:

- Менің қазақша атым Шалқар.

Конференцияның тағы бір қатысушысы – Корей өнер университетінің магистранты Олег Ким. Ол қазір Сеулде дирижер болып жұмыс істейді.

Ал опера әншісі Лим Чон Хваның репертуарында «Желсіз түнде жарық ай» әні бар. Оны әртіс өткен жылы Нұр-Сұлтандағы ұлттық өнер университетінде мастер-класс өткізген кезінде жаттап алған. Әншінің айтуынша, Абайдың әні корей халық әніне ұқсайды.

Лим Чон Хва, әнші:

- Концерттердің бірінде мен студенттермен бірге корей халық әні «Ариранды» орындадым. Сосын Абай әнін айта бастап едім, студенттер қосыла кетті, сол сәтте жүрегімді мақтаныш сезімі кернеді, өйткені бізді музыка біріктірді.

Хангук университетінің студенттері Абай шығармашылығын зерттеуді жалғастырады. Онлайн-конференцияның ұйымдастырушысы – Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасы әрбір қатысушыға ұлы ойшылдың кітабын сыйға тартты.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы