421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

16 желтоқсан күні «Хабар» арнасы көрермендерге бірнеше қызықты жоба ұсынады

  • 164
  • UPD: 21:03, 15.12.2020
16 желтоқсан күні «Хабар» арнасы көрермендерге бірнеше қызықты жоба ұсынады

Тәуелсіздік мерекесіне тарту. 16 желтоқсан күні «Хабар» телеарнасы көрермендер назарына бірнеше қызықты жоба ұсынады.

Таңғы эфир қазақтың біртуар әншісі Бибігүл Төлегенованың 90 жылдығына арналған шығармашылық кешпен басталады. Жұрт жезтаңдай әншінің сырға толы әуезді әндерін тыңдай алады. Сағат 09:00-де мерекелік марафон басталады. Арна тілшілері егемен елдің тарихы, жетістігі мен болашағы туралы жан-жақты баяндайды. Марафон 3 сағатқа созылады. Әр өңірден тікелей қосылымдар болады. Одан кейін көпшілік асыға күтетін «Өнер барысы» мегажобасы басталады. Спорттық бәскенің мақсаты – қазақ күресі мен салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл жолы өнер мен спорт саласында жемісті еңбек етіп жүрген 20 азамат бозкілемде бағын сынайды. Кешкі сағат 18:00-де «Тәуелсіздік күні» арнайы жобасын тамашалай аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы