429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлы Жібек жолы туралы фильм түсіріледі

  • 266
  • UPD: 22:04, 16.12.2020
Ұлы Жібек жолы туралы фильм түсіріледі

Өзбекстан Ұлы Жібек жолы туралы тарихи фильм түсірмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Өзбеккино» бұл картинаны Қазақстанмен бірлесіп, жүзеге асыруға ниетті. Көрші елдің мамандары «Қазақфильм» киностудиясына ұсыныс жасаған. Жақында қос елдің достығы туралы көркем фильмнің түсірілімін аяқтады. «Мирас» деп аталатын туынды бауырлас екі жұрттың ежелден туысқандығын, берік байланысын һәм достығын баяндайды. «Ясауи тариқаты», яғни Қожа Ахмет негізін салған діни-сопылық мектептің рухани құндылықтарын да бейнелейді. Кинокартина алдағы жылдың басында көрерменге жол тартады. Ал жаңа тарихи фильмнің түсірілімі 2021 жылы басталады.

Эльдар Юлдашев, «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің аппарат басшысы:

– Ұлы Жібек жолы – бұл екі халыққа ортақ мұра. Өйткені керуен жолдары Қазақстан және Өзбекстан арқылы өткен. Қазір біз осы фильмді түсіру үшін әріптестер іздеп жатырмыз. Жалпы біз Қазақстанмен ынтымақтастығымызды кеңейтуге мүдделіміз. Жақында біз «Қазақфильм» киностудиясы өкілдерімен онлайн кездесу өткізіп, мультипликациялық, деректі және көркем фильмдер бойынша арадағы қарым-қатынасты нығайтуға келістік.

Хабар 24 телеарнасы