418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кембридж университеті Шоқан Уәлихановтың шығармаларын ағылшын тілінде басып шығарды

  • 197
  • UPD: 22:03, 16.12.2020
Кембридж университеті Шоқан Уәлихановтың шығармаларын ағылшын тілінде басып шығарды

Кембридж университетінің баспасы қазақтың көрнекті ғалымы, этнограф Шоқан Уәлихановтың таңдаулы шығармаларын ағылшын тілінде басып шығарды.

Кітап Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігінің, Ұлттық аударма бюросының қолдауымен жарық көрді. Іс-шара Ұлыбританияның әйгілі Корольдік географиялық қоғамының қабырғасында өтті. Оны онлайн арқылы Қазақстан, Ұлыбритания, Канада, Біріккен Араб Әмірліктері, Перу, Польша және Түркия елдерінен 100-ге жуық көрермен тамашалады.

Джейн Манн, Кембридж университетінің басқарушы директоры:

– Кітап әлем бойынша білім беру мекемелері арасында таратылатын болады. Кембридж университетінің баспасы тарих және антропология бойынша кітаптардың жетекші баспагері болып саналады. Қазақстандық автордың еңбегінің осы тектес кітаптар тізіміне енуі баспа үйі тарихындағы маңызды оқиға. Біз бүгін тұсауын кескен әрі жинаққа енген көптеген шығарма ағылшын тілінде сөйлейтін студенттерге, ғалымдарға және кең аудиторияға жол тартпақ.

Кітапқа Шоқан Уәлиханов зерттеген Орталық Азияның географиясы, тарихы, этнологиясы мен экономикасы туралы ғылыми мәліметтер енген. Институт аударуға жіберілуі тиіс материалдарды іріктеу кезінде қазақтар мен өңірде мекен еткен басқа да ұлттардың тарихын, салт-дәстүрлерін, қазақ сот ісін жүргізу жүйесін сипаттайтын мақалаларға жіті мән берген. Ғалымның демократиялық көзқарастарына, халық үшін пайдалы реформалар туралы айтқан пікірлеріне ерекше назар аударған.

Ник Филдинг, кітап редакторы, британиялық жазушы:

– Кітапты шығару процесі менің Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қабылдиновпен кездесуімнен бастау алды. Яғни идея 2017 жылы менің Қазақстанға жасаған сапарларымның бірінде пайда болды. Мені, әсіресе, Шоқан Уәлихановтың Ресей империясында кіші мемлекеттік қызметші бола тұра қазақтың дәстүрлі өмір салтын бұзғысы келген билікке қарсы сөз айта білгендігі және өз халқына лайықты құрметпен қарауды талап еткендігі ерекше таң қалдырды.

Хабар 24 телеарнасы