418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда отандық «Папа поневоле» фильмінің тұсаукесері өтті

  • 152
  • UPD: 22:19, 17.12.2020

Алматыда «Папа поневоле» фильмінің тұсаукесері өтті. Продюсер Тимур Бақтыбаевтың отандық картинасы ақпан айында түсіріліп, тәуелсіздік мерекесі күні көрермендерге жол тартты. Жанұялық комедия болғанымен көпшілікке ой салатын бұл туынды бүгіннен бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды. 

«Папа поневоле» фильмінің алғашқы көрсетіліміне көрермен көп жиналды. Дегенмен, «Kinopark 11 Imax Esentai» кинотеатрында барлық санитарлық талаптар қатаң сақталды. Продюсер Тимур Бақтыбаев пен режиссер Олжас Ибраевтың бұл туындысы көпшілік көңілінен шықты. Шығармашылық топтың айтуынша, түсірілім кезінде біраз қиындық болған.

Тимур Бақтыбаев, фильм продюсері:

- Біз ақпан айында түсірдік бұл фильмді. Ақпан айында қар жоқ болды. Яғни кинода жаңа жылдық, қар болу керек. Біз үшін ең басында қиын болды. Түсірілім барысында бір он күн өткеннен кейін қар жауа бастады, қуанышымызға орай, сол қарды алып, түсірілмеген сценалардың барлығын сол кезде түсірген болатынбыз.

Комедия жанрындағы фильмде отбасы құндылықтарының маңызы суреттеледі. Жас кезінде жаза басып, темір торға тоғытылған азамат түрмеден шыққаннан кейін де жаман әдетінен арыла алмайды. Кезекті ұрлықтан кейін қашып-пысып жүріп, бауыр еті балаларының үйіне топ ете қалғанын білмейді. Туғанынан әкенің ыстық махаббатын көрмеген ұл мен қыздың тілегі, анасының да күйеуіне деген тас болып қатып қалған жүрегін жібітеді.

Тәуекел Мүсілім, актер:

- Жалпы енді ұрының образын аша алдым деп ойлаймын. Аяғында әрине жаман кейіпкер жақсы кейіпкерге айналады. Бұл жерде отбасылық құндылық бар. Соны түсініп, өзі дұрыс жолға келеді. 

Фильмде басты рольде Тәуекел Мүсілім ойнаса, Олжас Әлжанов пен Ернар Сақыпов және Жанел Мақажанова секілді жас актерлар де өз образдарын барынша ашуға тырысқан. «Папа поневоле» фильмі бүгіннен бастап, еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды.

Авторлар: Жандос Айтбайұлы, Әбен Нарынбаев

Хабар 24 телеарнасы