420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі Вьетнамда көрсетілді

  • 163
  • UPD: 14:30, 18.12.2020

Еліміздің Тәуелсіздік күніне орай Вьетнам астанасы Ханойдағы ұлттық киноорталықта режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» атты тарихи фильмі көрсетілді.

Картинаны вьетнам тіліне аудару мен оны жұртшылықтың назарына ұсыну жұмысын Вьетнамдағы Қазақстан елшілігі ұйымдастырды. Көрсетілім алдында осы мемлекеттегі Қазақстан Респуликасының елшісі Ерлан Байжанов жиналған көпшілікке қазақ елі туралы баяндап, тарихынан сыр шертті. Шараға мемлекеттік орган өкілдері, мәдени- білім беру ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Вьетнам көрермендері ұсынылған фильмнің көңілден шыққанын айтып оның жалғасын асыға күтетіндерін жеткізді.

Чан Нят Хоанг, Вьетнам мәдениет, спорт және туризм министрлігінің халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы:

– Фильм елімізде алғаш рет көрсетіліп отыр. Тәуелсіздік күні – қазақ халқы үшін ерекше мереке. Вьетнамның мәдени, спорт және туризм министрлігінің халықаралық ынтымақтастық басқармасы Қазақстан Республикасына әрдайым қолдау көрсетуге дайын. Соңғы жылдары екі елдің мәдени саласындағы қарым-қатынас одан әрі нығая түсті. Алдағы жылы елімізде қазақстандық фильмдердің апталығын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Ву Тхе Кхой, Вьетнамның еңбек сіңірген ұстазы, аудармашы:

– Мен жолы болғыш адаммын дер едім. Өйткені осыдан 62 жыл бұрын Қазақстандағы тың жерлерінде болып қайту мүмкіндігім болды. Ол кезде мен Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының 2 курс студенті едім. Сол кезден бері қазақ елінің кең байтақ, ерекше көркем жерімен жіті таныстым. Ал енді Қазақстан Респуликасының елшісі Ерлан Байжановтың ұсынысымен бұл тарихи қызықты фильмнің аудармасына да атсалысу мүмкіндігіне ие болдым. Фильмнің арқасында елімнің қалың бұқарасы Қазақ хандығының қалай құрылғанын білетін болды.

Хабар 24 телеарнасы