419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» арнасы ерекше қазақстандықтар туралы ерекше сериал түсірді

  • 118
  • UPD: 22:33, 18.12.2020

«Мен Қазақстанды және қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін» сериалының түсірілімі елдің барлық қалаларында жүргізіліп, аяқталуға жақын, деп хабарлайды «Хабар 24».

Филмнің әр бөліміне тек шынайы оқиғалар арқау болған. Оның алғашқы бөлімдері көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп те үлгерді.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

- Қарағанды қаласында түсірілген оқиғаның басты кейіпкері – Александр Алтунин. Ол жабайы өсімдіктерді өсірумен айналысады. Медициналық колледж студенті Қазақстандағы ең үлкен коллекцияның иегері, қазіргі күні оның қолында улы өсімдіктің 100-ге жуық түрі бар. Жас коллекционердің рөлін Теміртау қаласының тұрғыны Александр Гусев сомдайды.

Александр Гусев, басты рөлді сомдаушы:

- Мен сомдайтын адам қазіргі тілмен айтқанда «біртүрлі», ешкімге ұқсамайтын персонаж. Ол жабайы өсімдіктерді өсірумен шұғылданады. Бұл тұлғаны танып-білемін деп жүріп, аталған ғылымды өзімде ұнатып қалдым. Бірнеше жабайы өсімдік өсірмекпін. Ал, бұл рөлге ойламаған жерден келдім. Біз сияқты қарапайым ғана адамдар экран бетіне шығады деп ойламаған едім.

Тоғысқан тағдырлар, өмірдің кермек дәмі мен тәтті кездері осының барлығы қысқа метражды бөлімдерде көрініс тапқан. Бұл барлық өңірлерде түсірілген бөлімдердің бірі ғана. Көреремендер әлі ұстаздардың, дәрігерлердің, өзге де қарапайым мамандық иелерінің таңқаларлық оқиғаларын теледидар алдында тамашалай алатын болады. Ал, актерлердің барлығы қатаң кастингтен өткен.

Бақыт Қилыбаев, жобаның бас продюсері:

- Рөлдерді сомдаушылардың басым көбі кино әлеміне алғаш қадам басқандар. Танымал жұлдыздар да бар. Бірақ біз жаңа дебютанттарға көңіл бөлдік. Кемі 70%-і бұл бағытты жаңадан игерді. Бұл фильмнің жанрлары әртүрлі, бірақ бір мақсат пен мүддеге тоғысқан. Көрермен көңілінен шығады деп үміттенеміз

Қазір осы фильм төңірегінде еліміздің әр облысында жеке-жеке шығармашылық топ жұмыс істеп жатыр. Жоба «Хабар «Агенттігі» АҚ тапсырысымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жасалған. Авторлардың айтуынша, 50 сериядан тұратын филімнің мақсаты – әр түкпірде елеусіз тұрып жатқан ерекше қазақстандықтарды елге таныстыру.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы