424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жуырда «Хабар» арнасында «Абай жолы» телехикаясы көрерменге жол тартады

  • 277
  • UPD: 21:08, 21.12.2020
Жуырда «Хабар» арнасында «Абай жолы» телехикаясы көрерменге жол тартады

Жуырда «Хабар» арнасында көрермендер назарына «Абай жолы» телехикаясы ұсынылады.

Бірнеше бөлімнен тұратын кинотуындыда ұлы ойшыл, ағартушы, ақын Абайдың өскен ортасы, тағдыры, өмір сүрген кезеңі ғана көрсетіледі. Сонымен қатар телехикаяда «Абай жолы» романын жазған қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы романды жазып, оны жариялау кезіндегі қиыншылықтары да баяндалады. Әуезов романды толық жазу үшін 20 жылдан астам уақыт ізденген, мыңдаған адаммен кездесіп, ақпарат жинаған. Телехикаяда екі ғасырдағы қоғам келбеті, қазақ халқының басынан өткен қилы кезеңдері көрсетіледі.

Мұрат Есжан, сценарист:

- Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романының жазылу барысын суреттей отырып, сол арқылы әрі Абайдың тұлғасын ашу әрі осы кітаптың бізге қалай жеткенін және кітаптың ғана емес, Абай мұраларының бізге қалай құртылмай, өзгертілмей, аман-есен табысталғанын бір үлкен оқиғаға айналдыру туралы ой болған.

 

Хабар 24 телеарнасы