421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Журналистикадағы бірегей тұлға Ж.Сабыржанұлының құрметіне ескерткіш тақта орнатылды

  • 125
  • UPD: 13:13, 28.12.2020

Ұлттық журналистиканың талантты да қанатты бір өкілі Жұматай Сабыржанұлы еді. Аудандық газеттен бастап, астаналық басылымдарға дейін қалам сілтеді.

Ол – бүкіл ғұмырын баспасөзге арнаған қаламгер. Бар-жоғы елу бес жас ғұмыр кешкен талантты жазушының артында қалған үш кітабы өшпес туындыға айналды. «От ауыз, орақ тілді» сатириктің шығармаларын оқырман әлі іздеп жүріп оқиды. Оның әр сөзін қашап жазған өткір де, ойлы мақалалары ел есінде. Қазақ журналистикасының бірегей бітімді тұлғасы Жұматай Сабыржанұлының елордада тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Оның жаңа астананың қалыптасуы жайлы жазғандары ел-жұртты елең еткізетін. Өз оқырманын ұлттық рухта тәрбиеледі. Ұлт тағдыры, тіл тағдырына қатысты күрескерлік қасиетімен, мәрт мінезімен ерекшеленіп, ақиқатты ту еткен қаламгер болды.

Жұма-Назар Сомжүрек, ақын, сыншы:

- Жұматай сатирик жазушы ғана емес, қоғам қайраткері болды. Қазақтың тілі үшін, оның тазалығы үшін толып жатқан проблемалық мақалалар жазды. «Ана тілі» газетінің тілшісі болды. Сол үлкен еңбегінің нәтижесі ретінде аты көшенің бойында мәңгілік сақталып тұр.

 

Хабар 24 телеарнасы