421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Димаштың «Я скучаю по тебе» әніне арналған бейнебаяны шықты

  • 197
  • UPD: 11:07, 24.12.2020
Димаштың «Я скучаю по тебе» әніне арналған бейнебаяны шықты YouTube

Димаш Құдайбергеннің ресми YouTube арнасында «Я скучаю по тебе» композициясының бейнебаяны таныстырылды.

Димаш желтоқсан айының басында НТВ телеарнасындағы «Орталық теледидар» бағдарламасында «Я скучаю по тебе» әнін ұсынды.

Бұл әнге бейнебаян түсіруді ресейлік режиссер Евгений Курицынге тапсырылды.

Бейнебаянда мүлгіген қала, теңіз жағалауы, көпір және басты кейіпкердің үйі бар. Мұның бәрі кейіпкердің сүйіктісіне сағынышын әдемі жеткізу үшін таңдалған, деп жазады dimashnews.com.

«Димаш өзіне талап қоя біледі және оны орындайды. Ол әр дубльді мұқият қарап, кейбір эмоциялар дұрыс болмаған жағдайда түзетіп отырды. Менің ойымша, ол клипке қажетті атмосфераны өте жақсы жеткізе білді», – деп бөлісті режиссер.

Хабар 24 телеарнасы