420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аймақтары ынтымақтастықты дамытуда

  • 203
  • UPD: 14:05, 25.12.2020

Қазақстан мен Ресейдің шекара маңы аймақтары мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытып жатыр. Елімізбен осы салада тығыз қарым-қатынас орнатқан өңірдің бірі Астарахань облысы. Ресейдің бұл аймағында қазақтың ең үлкен диспорасы бар. Аймақтағы қандастарымыз қазақ мәдениеті мен тілін қалай сақтап, дамытып келеді? 

Еділ өзенінің бойында орналасқан Астрахань қаласы Төменгі Повольже мен Каспий маңындағы ең ежелгі экономикалық әрі мәдени орталық. Мұнда Ресейдегі қазақтардың ең үлкен диаспорасы өмір сүреді. Олар Астрахань облысындағы халықтың 17 проценті. Халқымыздың аты аңызға айналған күйшісі Құрманғазы қабірі 80 процент қазақтар тұратын Алтынжар ауылында жатыр. Мұнда ұлтымыздың тарихын, мәдениетін және тілін сақтауға көп көңіл бөлінеді.

Хамза Исмуханов, Володар ауданының басшысы:

- Бізде колледж деңгейіндегі қазақ мектептері бар. Онда қазақ тілі мұғалімдері де дайындалады. Ал Астрахань университетінде қосымша білім ретінде қазақ тілін таңдауға болады.

Астрахань жоғарғы оқу орындарында 1 мың 800 қазақстандық студент оқиды. Бірақ коронавирус індетінен олардың 80 проценті Ресейге бара алмай оқуларын қашықтан жалғастыруда. 

Константин Маркелов, Астрахань мемлекеттік университеті:

- Біз қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығымыз тығыз. Студенттермен алмасып, түрлі бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Індеттен қиындықтар туындап, Қазақстаннан келген студенттердің басым бөлігін еліне қайтардық. Бірақ оқу процесі үзілмес үшін барлық шаралар қолға алынған.

Еліміздің делегациясы Астраханьдағы мәдениет және өнер колледжіне де барды. Мұнда домбырашылар дайындалады. Колледждің «Шалқыма» ансамблі көптеген халықаралық байқаулардың жүлдегері болған.

Қазақстан делегациясы шығармашылық ұжымға жаңа аспаптар сыйлады. Ал қазақ тілінде білім алатын сыныптары бар екі мектепке онлайн оқу үшін компьютерлік техника тарту етілді.

Авторлар: Дана Нуржан, Дмитрий Настиченко

Хабар 24 телеарнасы