420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Алтын домбыра» Сыр еліне жетті

  • 120
  • UPD: 16:40, 25.12.2020
«Алтын домбыра» Сыр еліне жетті

«Алтын домбыра» Сыр еліне жетті. Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында өткен салтанатты іс-шарада «Алтын домбыра» айтыстың ақтаңгері Мұхтар Ниязовқа табысталды.

Ол осыған дейін бұл сыйды екі мәрте жеңіп алған болатын. Ал биыл үшінші рет сөз додасында дара шығып, «Алтын домбыраны» Сыр еліне сыйға тартып отыр. Мұхтар Ниязовты осынау мерейлі жеңісімен құттықтаған облыс басшысы оған ақ түсті темір тұлпар сыйлады. Ал өнердің ордасы Сыр елінде қалатын «Алтын домбыра» облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылды.

Мәулен Ниязов, Мұхтар Ниязовтың әкесі:

- Көңіл-күді сөзбен жеткізу қиын. Бірақ енді Сыр - Алаштың анасы деп жатамыз. Аты Мұхтардікі болғанмен, заты Сыр елінікі. Сондықтан Сыр халқы, Сыр елі қуаныштарыңыз, «Алтын домбыраларыңыз» құтты болсын.

Хабар 24 телеарнасы