424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украинада «Абай» медалін табыстау рәсімі өтті

  • 428
  • UPD: 18:37, 26.12.2020

Украинада Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының «Абай» мерейтойлық медалін табыстау рәсімі өтті.

Марапатты тапсыру үшін Киевке ТҮРКСОЙ-дың Бас хатшысы Дүйсен Қасеинов арнайы барған. Абай атындағы медаль Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Қалетаев, еліміздің Харьков қаласындағы құрметті консулы Эмин Наджафлы, қазақ диаспорасының көшбасшысы Данияр Егамбердиев және Абайдың қара сөздерін украин тіліне аударған профессор Николай Васькивке бұйырды. Марапат Абай мұрасын насихаттауға қосқан үлесі үшін табысталып отыр. Жуырда Харьков қаласында Абай ескерткіші ашылады. Ал ұлы ақынның шығармашылығын Украинада дәріптеуге бағытталған өзге шаралар карантинге байланысты келесі жылға шегерілді.

Данияр Егамбердиев, Украинадағы қазақ мәдени орталығының төрағасы:

- Біз үшін өте маңызды шаралардың бірі. Абай мұрасын насихаттау жолындағы көптеген жұмыс карантинге қатысты шегерілді. Алайда келесі жылы барлығы орындалады деп үміттенемін.

Хабар 24 телеарнасы