421,98 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2020 жылы көрермен назарын аудартқан ТОП-10 видео

  • 473
  • UPD: 13:15, 30.12.2020
2020 жылы көрермен назарын аудартқан ТОП-10 видео

Жыл соңында биыл көрермен қауымның ерекше назарын аударған видеолардың тізімін жасады.

Сонымен, ТОП-10-ға кіретін видеолар:

1. Өзбекстандық шаруаның шөлді байққа айналдырғаны көрілім саны жағынан көш бастаған.


2. Танымал тележурналист Бейсен Құранбектің қазасы қазақтың қабырғасын қайыстырып, журналистикамыздағы орны ойсырап қалды. Арда азамат 49-ға қараған шағында өмірден озды.

Ол тізгінін ұстаған бағдарламалар көзі қарақты көрерменнің көңілінен шығып, ол басқарған ұжым талай-талай биік белестерді бағындырғаны белгілі. Рамазан айында өмірден өтіп, қасиетті Қадір түніне қараған күні жамбасы жерге тиді.


3. Қордай ауданында болған қақтығыстан соң тұрғындар Қырғызстанға аттанған. Шекарадағы кептеліс арнамыздың тікелей эфирінде көрсетілді.


4. Үй жағдайында коронавирустан емделу жолдары да көрермендер арасында сұранысқа ие болған.


5. Коронавирустың таралуын тежеу мақсатында карантин талаптары қатаңдатылып, ал оны бұзғандарға айыппұл салынатындығы туралы мәлімет тез тарады.


6. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдегі жағдайға байланысты отставкаға кетуге дайын екенін хабарлады.


7. Әлеуметтік желілерде Ресейден Қазақстанға шапқан бір топ қасқыр туралы жалған ақпарат тараған болатын. «Ресей жақтан Қазақстан шекарасына қарай қарақұрым боп қасқырлар қаптап келе жатыр. Балаларды бейсауат көшеге жібермеңдер, мал-жанға мұқият болыңдар!» деген сыңайдағы аудиожазба мен тікұшақтан түсірілген бейнекөрініс көпшілікті дүрліктірді.


8. 7 ақпан күні, кешкі сағат алты жарым шамасында Қордай ауданының Қаракемер мен Масанчи ауылдары тұрғындарының арасында қақтығыс болған еді. Қордай ауданындағы бүлікшілік кезінде ұсталған 47 адамның барлығы да босатылғаны жайлы ақпарат көпшіліктің назарын аударған.


9. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен төтенше жағдай кезінде жұмысынан айырылған отандастарымызға жәрдемақы берілді. Одан қалды егде жастағы адамдарды қауіпті індеттен қорғау үшін жасы 55-тен асқандарды жұмыстан уақытша босату тапсырылды.


10. Атырауда жоғалған бүлдіршіннің денесі ауладағы септиктен табылғаны туралы ақпарат та жұрттың жағасын ұстатты.

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы