427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар» телеарнасы 31 желтоқсанда «Караоке» фильмін көрсетеді

  • 309
  • UPD: 14:56, 30.12.2020
«Хабар» телеарнасы 31 желтоқсанда «Караоке» фильмін көрсетеді

«Хабар» телеарнасы 31 желтоқсан күні сағат 21:30-да Жаңа жыл қарсаңында көрермендерге басты тосын сыйын жасайды.

«Жаңа жылдық кездесу» музыкалық киножобасы әр көрерменге өзін кинотуындының нағыз қатысушысы ретінде сезінуге және эстрада жұлдыздарымен бірге сүйіп тыңдайтын әндерін айтуға мүмкіндік береді.

Жаңа жыл қарсаңында қызықты оқиға болады. Музыкалық шығарманың сюжет желісі бойынша мерекелік мюзиклдің басты кейіпкері – комедия актері Еділ Анарбай шоу-бизнес өкілдерімен, эстрада жұлдыздарымен бірге қызықты әрі шым-шытырық оқиғаларға тап болады.

«Жаңа жылдық кездесу» фильмінің түсіріліміне танымал әншілер мен шоу-бизнес өкілдері қатысты. Олардың қатарында: Роза Рымбаева, Жеңіс Сейдоллаұлы, Жеңіс Ысқақова, «МузАрт» тобы, Кәмшат Жолдыбаева, Айқын Төлепберген, Аргоня, Жұлдыз Өмірғали, Дәурен Айдарқұлов және т.б бар.

Фильмнің продюсері – Алмас Алтынбеков.

Жоба директоры – Андрей Хван. «Жаңа жылдық кездесу» фильмі көрерменге ұмытылмас демалыс атмосферасын ұсынып, мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Сондықтан да, 31 желтоқсан күні 21:30-да «Хабар» телеарнасының мерекелік бағдарламасының эфиріндегі алғашқы караоке фильмнің тұсаукесерін жіберіп алмаңыз.

Сондай-ақ мерекелік кеш «Біз біргеміз» жаңажылдық алғыс кешімен ұласып, «Жаңа жылдық кездесу», «Армандар орындалады» концерттерімен жалғасын табатын болады Әуезді әндермен сусындап, керемет кештердің куәсі боламын десеңіз, Жаңа 2021 жылды «Хабар» телеарнасымен бірге қарсы алыңыз.

Хабар 24 телеарнасы