419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда «Құнанбай мен Абай» пьесасының премьерасы өтті

  • 109
  • UPD: 22:11, 31.12.2020

Ақтаудағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық драма театрында «Құнанбай мен Абай» пьесасының премьерасы өтті.

Қойылымда Құнанбай мен Абайдың әке мен бала ретіндегі сырласуы алғаш рет сахналанды. Қойылым Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романына сүйенбеген, тың дүние. Спектакльді театрдың арнайы тапсырысы бойынша ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, ақын-драматург Есенғали Раушанов жазды. Автор шығармасында саяси және рухани тәуелсіз Құнанбай мен Абай бейнесін көрсетеді. Сондай-ақ еңбекте әке мен бала арасындағы табиғи, адами байланыс туралы айтылған. Ел иесі Құнанбай мен сөз иесі Абай арасындағы бұл дүниеде ашылмаған қарым-қатынастың қатпарлары, айтылмаған сырлары жазылды. «Жалпы пьеса дана Абай басындағы барлық асыл қасиет балаға әке кіндігінен, текпен беріліп, тәрбие арқылы сүйекке сіңіп, дамитынын меңзейді. Көрермен Абай шығармаларының сахнада керемет үйлесіммен орындалуы арқылы бала Абайдың дана Абайға, ұлт ұстазына айналғанына куә болады», - деді театрдың бас режиссері Гүлсина Мирғалиева. Абай жылын қорытындылаған қойылым көрермендерге карантиндік талаптарға сай көрсетілді.

Медғат Өмірәлиев, актер, Құнанбай ролін сомдаушы:

- Шығармада әке мен баласының ортасындағы бір-бірімен сырласуы, өмір жайлы, халық жайлы, арасында реніштер болған шығар, бірақ сол ренішті ақылмен, оймен шешетіндей етіп сахналауға тырыстық.

Әлия Исаева, спектакль режиссерінің ассистенті:

- Әке мен баланың бір-бірімен сырласып, жүрегінің, ниетінің ақ, бір-біріне әрқашан тілекші екенін білдіретін және бұған едйін біз Құнанбай мен Абайды бір-біріне қарсы, әкеге бала бағынышты емес, «әке басқаша да, ұл басқаша» деп, біз М.Әуезовпен дәл солай таныстық және біліп те келдік. Ал бұл спектакль де біздің Гүлсина апайдың ұйғарымы бойынша, шешімі бойынша, Құнанбайды жақтап алу, оның қорғаушысы болу, Құнанбай болмаса Абай болмас еді. Құнанбай оны белінен жаратпаса Абай Абай болмас еді деген сұрақтың жауабын Гүлсина апай тапты деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы