421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да ағаш шебері ұлттық өнерді кәсіп көзіне айналдырып отыр

  • 69
  • UPD: 12:44, 06.01.2021

Өнерлінің өрісі кең. Солтүстік қазақстандық Рустам Әзизов ағаштан түйін түйіп, түрлі бұйымдар жасайды. Тапсырыс болса бесікпен ер-тұрман да шабады. Бір ерекшелігі әр туындысы қазақы ою-өрнектермен сәнделеді. Ағаш шебері ұлттық өнерді кәсіп көзіне айналдырып отыр. 

Жеті рет өлшеп бір рет кес. Бұл Рустам Әзизовтың өмірлік ұстанымы. Өйткені кез-келген бұйым жасауда шеберге ағашты артық жонып тастауға болмайды. «Себебі оны қайта қалыпқа келтіру мүмкін емес», - дейді ол.

Он саусағынан өнер тамған азамат қолына алған заттың бәріне жан бітіреді. Ол үшін шағын ғана мына сарайды ұстаханаға айналдырған. Осылайша уақытының көбін үйінде емес, осында өткізеді.

Рустам Әзизов, ағаш шебері:

- Бұрын элеваторда істеп көрдім. Ерте тұрып, жұмысқа бару керек. Кейін үйге кеш келесің. Кейде ауқаттанбай қалатын кездерде болады. Шығармашылық адамға мұның бәрі қиын ғой. Содан ақырын ағаштан бұйым жасай бастадым. Көкшетауда оқуын да оқыдым. Қазір міне құстарға арнайы үй жасап жатырмын. 

Әке көрген оқ жонар демекші, Рустамға бұл қасиет әкесі Әділеттен дарыған. 30 жылдан астам уақыт бұрын ол Қазақстанға Әзербайжаннан қоныс аударыпты. Қазір екеуі де осы кәсіптен нәсіп тауып отыр.

Әділет Әзизов, ағаш шебері:

- 32 жыл Қазақстанда өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан маған екінші ел болды. Баламның туған жері, немеремнің туған жері. Қазақстан маған данышпандық берді.

Жаһаздардың түр-түрі, дөңгелек үстел, бесік, ас үйіне қажетті ыдыстар. Бұлардың барлығын өнерлі азаматтар қайың және қарағай ағаштарынан жасайды. Енді тірлігінің тынысын кеңейтпек. Яғни жасаған бұйымдарды сату үшін алдағы уақытта шағын дүкен ашпақ жоспарлары бар.  

Авторлар: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы