Элизабет Тұрсынбаеваның Бурабай көліндегі әдемі биі көпшілікті тәнтті етті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Бурабай көлінде сырғанап, көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол табиғат аясында түсірілген бейнероликті кеше кешке қарай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Артынша аталған бейнежазба ғаламторға тез таралып, желі қолданушыларының қошетеміне бөленді. Ал спортшының өзі Бурабайға алғаш рет келгенін, әрі осы жерде сырғанауды армандағанын айтады. Ролик Димаш Құдайбергеннің «Знай» атты әнімен әрленген.