А.Мұхамедиұлының «Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары» атты кітабы жарыққа шықты

«Кемеңгер тұлғалардың ұлы аналары». Өнертану ғылымдарының докторы Арыстанбек Мұхамедиұлының аналар туралы жинағы жарыққа шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автордың айтуынша, әлемге танылған тұлғаларды дүниеге әкелген аналардың есімін ел білуі тиіс. Кітапта ана махаббаты, ананың қажырлы еңбегі мен берген тәрбиесі туралы мағыналы мысалдар жазылған. Бұл еңбектен Елбасының анасы Әлжан Назарбаева туралы да оқуға болады. Қоғам қайраткерлері, өнер және спорт жұлдыздарының аналары жайында жан-жақты мәлімет мол. Кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасы жақында жарық көреді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, өнертану ғылымдарының докторы:

– Бұл кітаптың ішінде әрине, елімізге белгілі тұлғалардан, мемлекеттік қайраткерлерден басқа спорт саласындағы Мұхамедәли, Пеле, ғылым саласында Томас Эдисон, әр саладан тұлғаларға арналған. Бірақ негізгі мақсат – сол тұлғалардың өмірбаяны емес, аналардың еңбегін көрсету.