Петропавлдағы орыс драма театры күрделі жөндеуден өтті

Петропавл қаласында қайта жаңғыртудан кейін Николай Погодин атындағы орыс драма театры ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жөндеу жұмыстарына мемлекеттік бағдарлама бойынша 250 млн теңге бөлінген. Өнер ордасы қалай өзгерді?

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Бұл Қазақстандағы ең көне театрлардың бірі. 1972 жылы салынған ғимарат бірінші рет күрделі жөндеу көріп отыр. Қайта жаңғырту жұмыстары ерекше сәулеттік стильде жүргізілді.

Спартак Рамазанов, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры:

- Түгел ең алдымен театрдың сыртқы жағындағы фасады жаңа өңге келтірілді. Және театрдың ішіндегі ғимаратқа қарайтын болсақ, гардероб жанындағы екі калуар, екінші этаждағы фойе және мынау көрермендер залы төбесі жарық жағынан, мынау қабырғаларын және мына еден бәрі жаңартылып, мына заманға сай, заманауи мына қазіргі заман талап ететін жағдайға үшін жасалды.

Бұл өнерсүйер қауым үшін үлкен қуаныш болды. Театр 600 адамға арналған. Сәулетші қабырғаларды ақшыл көк керамикалық тастармен көмкерген. 

Біржан Жалғасбаев, Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының директоры:

- Осы халқымыздың, қалалықтарымыздың, қала қонақтарының үлкен бір рухани әлемге саяхат жасайтын бір үлкен театрымыз. Мынадай керемет, әдемі өзгерістен кейін ішіндегі қойылымдардың да жоғары дәрежеде болуына және де ұялмай, емін-еркін шетелдік театрларды шақырып, халықаралық деңгейдегі театр фестивальдерін өткізуге әбден лайықты театрға айналып отыр қазір.

Әзірге көрермен үшін театр жабық. Карантинге байланысты қойылымдарға тыйым салынған. Бірақ өнер ұжымы дайындықтарын үзген жоқ.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов