«Тақиялы періште» Әлімғазы Райымбековтің неден қайтыс болғаны белгілі болды

«Тақиялы періште» Әлімғазы Райымбековтің неден қайтыс болғаны белгілі болды

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлады Tengrinews.kz.

Бұл туралы актердің қызы Сүрия Райымбекова айтты.

Белгілі қазақстандық актер 19 қаңтарда 86-ға қараған жасында өмірден озды. «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлімғазы Райымбековті жерлеу рәсімі ертең Алматы облысы Көксу ауданы Мәмбет ауылында өтеді.

Актер былтыр 20 желтоқсанында 85 жылдық мерейтойын атап өткен еді. Оның 10 баласы, 22 немересі және 20 шөбересі бар. Актердің фильмографиясында «Қан мен тер», «Ән қанаттары», «Асуда», «Көк маршрут» сияқты 10-нан аса танымал картина бар.

Қазақтың «Тақиялы періштесі» дүниеден өтті