Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Ол ұлттық киномызда ұмытылмас бейнесі мен өзіндік ізін қалдырған талант иесі болатын. Елбасы оның жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталады деп сенім білдірді», - деп жазды елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай twitter парақшасында.

Қазақтың «Тақиялы періштесі» дүниеден өтті

Әлімғазы Райымбековтің неден қайтыс болғаны белгілі болды