Түркияда мектеп пен даңғылға Әл-Фараби есімі берілді

Түркияның Эрзурум провинциясындағы мектеп пен даңғылға Әл-Фараби есімі берілді.

Түркиядағы тілшіміз Меруерт Қанағаттың хабарлауынша, қос қуаныш ойшылдың 1150 жылдығына орайластырылып отыр. Аталмыш шара Қазақстанның Түркиядағы елшілігі, ЭкоЕуразия қауымдастығы, Түркия тіл және әдебиет қауымдастығының ұйытқысымен жүзеге асты.

Эрзурум – Түркияның солтүстік-шығысында ең биікте орналасқан қала. Қысқы туризмімен танымал.