Елордада «Ер Едіге» – Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбомның тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Күйтабаққа «Едіге батыр» эпосы, Мұрын жырау нұсқасындағы «Қырымның қырық батыры» және «Қарасай-Қази» дастаны сыны туындылар енген. Музыкалық альбом екі бөлімнен, 10 дыбыстық жазба дискісінен тұрады. Дастанда 500 данамен жарыққа шыққан күйтабақтан бөлек, тарихи мәлімет жинақталған қосымша кітап та бар. Қазақ ауыз әдебиетінің маржандары, жыраулардың өмірбаяндары қазақ, орыс және ағылшын тілінде берілген.
Алмас Алматов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жоба авторы:
– 1 жыл көлемінде жобамен жұмыс істедік. Қазақстанның жыршы-жырауларынан 42 орындаушы қатысты. Барлығы 60 сағат болды. Бұл – халықтың қазынасы, мұрасы.