Қызылордалық жастар түсірген фильм әлеуметтік желіде кеңінен таралуда

Әр адам өміріндегі негізгі бетбұрысты университет қабырғасында бастауы тиіс.

Бұл - қызылордалық жастар түсірген алғаш толық метражды кинотуындының басты идеясы. «Болашақ bridge» яғни «Болашақтың көпірі» деп аталған комедиялы мелодрамада 3 достың түрлі қиындықты еңсеріп, межелі жетістікке жету жолы баяндалады. 2 айға созылған түсірілімге 1 миллион 200 мың теңге жұмсалған. Студенттік өмір мен махаббат хикаялары суреттелген фильм әлеуметтік желіде кең таралып жатыр.

Қуаныш Дәуренбеков, жоба жетекшісі:

- Фильмде жалпы достық, өмірдегі қиындық пен қызықты сәттер, студенттік кезең, рухани жаңғыру барлығы қамтылған. Жастардың бұрынғы ата-бабаларының соғыс жағдайы мен бейбіт замандардағы кезеңдерді қоса алып отырды.

Жасұлан Алдабергенов, жас режиссер:

- Бұл киноның ерекшелігі - студенттер мен мұғалімдер ойнайды. Ешқандай кәсіби актер қатысқан жоқ. Оқып жүріп, жақсы білім алумен қоса қоғамдық жұмыстармен айналысуға мүмкіндік бар екенін көрсеттік.