Елімізде ЮНЕСКО аясындағы халықаралық орталық құрылмақ

«Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» республикалық музейінде ЮНЕСКО аясындағы халықаралық орталық құрылмақ.

Бұл ретте сенаторлар Қазақстан Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы келiсiмді ратификациялау туралы заңды қабылдады.

Бұдан бөлек, Сенат депутаттары бүгін Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуына орай бірқатар халықаралық құжаттарды ратификациялады.