Бішкекте Жамбылдың 175 жылдығына арналған үлкен іс-шара өтті

Бішкекте «Жамбыл – қазақ пен қырғызға ортақ ақын» шарасы аясында екі тілде шыққан кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қос республика әдебиетшілері, тарихшылары мен ғылым қайраткерлерінің басқосуын Халықаралық түркі академиясы ұйымдастырған. Қырғыз астанасында «Манас» эпосының қазақ тіліне аударылған нұсқасы да таныстырылды. Оны белгілі манасшы Баянғали Әлімжанов тәржімалаған. Оқырмандардың назарына Абайдың таңдаулы шығармалары кірген қырғыз тіліндегі академиялық жинақ ұсынылды. Абай өлеңдерін аударуға белгілі қырғыз әдебиеттанушылары Керімбек Кадыракунов пен Туголбай Қазақов үлкен үлес қосты. Жазушылардың еңбегі жоғары бағаланып, Халықаралық Түркі академиясының арнайы медальмен марапатталды.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық түркі академиясының президенті:

- Жыр алыбы Жамбыл «Сүйегім қазақ болғанмен, етім қырғыз» деген екен. Сондықтан Жамбыл атамыз қазақ пен қырғызға ортақ ақын. Осы себепті бүгін Қырғызстанның «Манас» және Шыңғыс Айтматов ұлттық ғылыми академиясында Жамбылдың 175 жылдығына арналған үлкен іс-шара өтті. Бұл шараны Қырғызстанның Мәдениет министрі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Жазушылар одағы, Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі және басқалар арнайы қатысып, өздерінің өте жақсы ой-пікірлерін айтты, ұсыныстар айтылды. Биыл Жамбыл жылы аясында Қырғызстанда бірқатар іс-шара өткерілетін болды.