Қазақстандық режиссердің сценарийі халықаралық байқауда үздік атанды

Қазақстандық режиссер Жаннат Алшанова When East Meets West бірлесіп кино өндіру форумының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқауда отандасымыз «Победителей видно на старте» жобасын таныстырды. Жаннат Алшанова толық метражды фильмінің сценарийі үшін Сербия кино орталығының атынан 5 мың еуро көлемінде сыйақы алды. Қаңтардың аяғында өткен фестивалға 56 елден 387 өтініш түскен.

Жаннат Алшанова, режиссер:

- Бұл туынды жүзу мектебіне түскен жас келіншектің өміріндегі өзгерістер туралы баяндайды. Мен осы сценарий бойынша фильмді Қазақстан аумағында түсіремін. Халықаралық байқауда жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Енді бұл сценарий бойынша фильм түсіру үшін қомақты қаражат керек.