«Голос Країни»: қазақстандық өнерпаз Украинадағы ән байқауының іріктеу сынынан өтті

Қазақстандық орындаушы Александр Лим «Голос Країни» ән байқауының келесі кезеңіне өтті.

«Украина дауысының» 11-маусымының іріктеу сынында Балқаш тумасы «Океан Ельзи» тобының «Там, де нас нема» әнін орындады. 29 жастағы өнерпаз DOROFEEVA лақапатымен танымал әншінің командасына қосылды.

 Естеріңізде болса, қазақстандықтар Ерлан Байбазаров пен Индира Еділбаева «Голос країни» жобасының Х маусымында жасырын тыңдалымнан сәтті өтіп, тіпті финалда өнер көрсеткен болатын