414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздегі кітапханаларда «Парасат жолы» орталықтары ашылды

  • 194
  • UPD: 15:10, 03.02.2021
Еліміздегі кітапханаларда «Парасат жолы» орталықтары ашылды

Елдегі кітапханаларда «Парасат жолы» аталатын орталықтар ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Мәдениет және спорт министрлігінің арасында тиісті меморандумға қол қойылды. Енді екі ведомство адалдықты насихаттауда бірлесіп жұмыс істейді. Бұл іске зиялы қауым мен дін өкілдері тартылады. Сөйтіп, мұндай орталықтар аға буын мен жастардың диалог орнататын алаңына айналмақ. Атап өтейік, «Парасат жолы» орталығы алғаш рет өткен айда елордадағы ұлттық академиялық кітапханада жұмысын бастаған еді. Бүгін барлық облыс, қала, ауданда ашылды.

Хабар 24 телеарнасы