«Аstana musical» мемлекеттік театры жаңа маусымын ашты

«Аstana musical» мемлекеттік театры жаңа маусымын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрерменге алғаш болып «ЕНТ тапсырмаймын!» атты спектакльдің премьерасы ұсынылды. Драма жанрындағы жаңа туынды белгілі драматург Л.Разумовскаяның «Қымбатты Елена Сергеевна» атты шығармасына негізделіп жазылған. «Astana Musical» театры осы туынды арқылы жастарды ессіз әрекеттерден сақтануға шақырады.

Есләм Нұртазин, «Аstana musical» театрының көркемдік жетекшісі, режиссер:

– Әрине, бұл – екі буынның арасындағы қақтығыс, түсініспеушілік. Әрдайым актуалды бола береді. Түпнұсқадан қатты кетпедік. Арасында ғана қазіргі уақытқа сай етіп, өзгеріс енгіздік. 5-маусымымызды ашып жатырмыз.