Ш.Айтматовтың повесінің желісімен жазылған спектакль Сеулде сахналанды

Шыңғыс Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары!» повесінің желісімен жазылған спектакль Сеул сахнасында қойылды. Премьера Алматы корей музыкалық комедия театрымен ынтымақтастықтың арқасында өтті.

Владислав Цой, тілші:

- Оңтүстік Кореяның 60 жылдық тарихы бар театрында алғаш рет қазақстандық қойылым көрсетіліп жатыр. Екіжақты ынтымақтастық 2019 жылы басталған. Сол кезде Алматыдағы корей музыкалық комедия театрымен мәдени алмасу туралы келісімге қол қойылған болатын.

Қазақтың шаңкобызы немесе қырғыздың темир комус аспабы Корея сахнасында алғаш рет естілді. Спектакль екі елдің біріккен туындысы. 1967 жылы Шыңғыс Айтматов жазған «Қош бол, Гүлсары» повесінің желісімен жазылған туындыны қазақстандық жас режиссер Дина Жұмабаева сахналады. 

О Тхэ Гын, Корея театр қауымдастығының басшысы:

- Қойылым Алматы корей театрымен ынтымақтастықтың нәтижесі. Біз «Қош бол, Гүлсарыны» Қазақстанда көрсете аламыз деп сенемін. Актерлер мен режиссерлердің барлығы корейлер, хореографияны және дыбысты біз Қазақстанның онлайн қолдауымен жасадық. Біздің қойылымның айырмашылығы - дәстүрлі музыка мен корей стиліндегі қозғалыстар. 

Спектакльге дайындық Сеулде індеттің өршуіне қарамастан өткен жылдың соңында басталды. Артистердің былтыр Қазақстанға бару жоспарлары болған. Бірақ коронавирусқа байланысты жол түспеді. Корей театрының ұжымы алматылық әріптестерінен бейнеконференция арқылы кеңес алған. COVID-19 спектакльдың тұсаукесеріне де әсер етті. «Қош бол, Гүлсарының» көрермендер саны шектеулі болды. 150 адамға арналған залды 30 процентке толтыруға ғана рұқсат етілді. 

Кан Те Сик, режиссер:

- Корейлер Қазақстан мен Қырғызстан туындылары туралы білмейді. Біз де оларды бірінші рет қойып отырмыз. «Қош бол, Гүлсары» біздің қойылымдарға ұқсайды, сондықтан оны таңдадық. Бізде ақпарат жеткіліксіз болды, бірақ қазақстандық спектакльді қарап, талдау жүргіздік. Содан кейін кейбір қозғалыстар не үшін қолданылғаның түсіндік. Бірақ оны корей актерларға түсіндіру қиын болды.

«Қош бол, Гүлсары» спектаклі биыл Кореяда өтетін театр фестиваліне ұсынылуы мүмкін. Алматылық әртістердің де Сеулге келуі жоспарланған. 

Авторлар: Владислав Цой, Ольга Лян