426,05 517.06 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Imanbek, David Guetta және Rita Ora бірігіп миниальбом шығарады

  • 250
  • UPD: 11:07, 05.02.2021
Imanbek, David Guetta және Rita Ora бірігіп миниальбом шығарады

Қазақстандық Иманбек Зейкенов (EP) ұлыбританиялық әнші Rita Ora және франциялық диджей David Guetta-мен бірге миниальбом шығарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Өнерпаздар Bang деп аталатын миниальбомды Zoom қосымшасы арқылы бірнеше рет байланысқа шығып жазған. Ол 12 ақпанда жарияланады. Бұл туралы Иманбек пен Rita Ora Instagram желісінде жариялады.

Төрт әнді де Иманбек ұлыбританиялық әншімен жазған. Олардың айтуынша, миниальбом – 80-90-жылдардағы клуб мәдениеті мен заманауи поп-музыканың қосындысы. Онда тағы хаус, электрон музыка стилі бар.

«Бұл – менің сүйікті әртістерім мен продюсерлеріммен бірлескен жаһандық жоба болды. Жоба барысында осындай шығармашылық тәсілмен жұмыс істеу өте қызық болды. Бұл жоба бізді тек шығармашылық жағынан емес, жекелей де жақындастырды және жақсы тәжірибе болды», – деп жазды Иманбек.

Rita Ora жоба барысында басқа әртістермен шығармашылық байланысты дамытуға тырысқанын атап өтті.

«Иманбекпен ынтымақтастық шынымен де ерекше тәжірибе болды, біз музыканы талқылау үшін ZOOM арқылы кездестік, аудармашылар да болды. Сондықтан бізге шынымен жазудың жаңа әдісіне бейімделуге тура келді. Біздің байланысымызды көрсетуге қанша технология мүмкіндік бергені таңғаларлық. Музыка – шынымен әмбебап тіл және бұл шығармашылық процесс бізді бөлетін кез келген кедергіні жеңе алатынының дәлелі», – деді әнші.

Айта кетейік, Павлодар Көлік және коммуникация колледжінің 4-курс студенті Иманбек Зейкенов әнші Saint Jhn roses әніне ремикс жасағаннан кейін танымал бола бастады. Содан кейін ол беделді америкалық Grammy сыйлығына үміткер атанды

«Грэмми» сыйлығын табыстау рәсімі кейінге қалдырылды.

Танымал диджей Дэвид Гетта Иманбектің ремиксіне өз нұсқасын ұсынды.

 

Хабар 24 телеарнасы