Елорда жастары Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқу челленджін бастады

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай, ақынның өлең шумақтарын оқу республикалық челленджін бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау, шығармаларын оқу арқылы өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, ақынның шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру.

Басқарма басшысы Қайрат Қамбаров челленджге бастау беріп, оны басқа өңірлердегі Жастар саясаты басқармаларына және өзге де белсенді жастарға жолдады.

Аталған челлендж республикалық деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Сол себепті кез келген адам ақынның қалаған шығармасын таңдап, #МұқағалиМақатаев90жыл хэштегімен бөлісе алады.