Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген уақытша АҚШ-қа қоныс аудармақ.
Ол бұл қадамға өнер жолын жалғастырып, өз-өзін дамыту үшін бармақ. Бұл туралы өнер иесі MTV жүргізушісі Кеван Кенниге (Kevan Kenney) берген сұхбатында айтты.
«Біраз уақыт Америкада тұру туралы жоспарым бар. Өз музыкаңды дамыту үшін шоу-бизнестің орталығында болуың керек. Қытайда да үш жарым жыл өмір сүріп біраз тәжірибе жинадым. Бірақ қай жерде жүрсем де, отбасыма асығып тұрамын», – деді Димаш.