Балалар әдебиеті 33 автордың шығармасымен толығады

Ұлттық электрондық кітапхана жұмысын дамытып, ел бойынша коворкинг орталықтарының санын арттыру көзделіп отыр.

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты. Биыл Нұр-Сұлтан қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық кітапхана ашылады. Қазір елде 11 мыңға жуық кітап ордасы бар. Оның 300-і балалар мен жасөспірімдерге арналған. Енді оқырмандарға биллинг жүйесі арқылы кітап қоры қолжетімді болады. Және бірыңғай электрондық оқырман билеті қолданысқа енеді. Ұлттық академиялық кітапханадағы электрондық каталогта 60 мыңға жуық материал сақталған. «Онда 200 мыңнан аса оқырман цифрлық жүйені пайдаланып отыр», - дейді ол.

Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:

- Қазір 33 автордың шығармасын осы жылы шығаруды қолға алып отырмыз. Кітап палатасы жағынан балалар шығармасын жазған жазушыларға конкурс ұйымдастырамыз. Биыл балалар әдебиетіне байланысты арнайы кітап шығару жоспарлап отырмыз. «Қазақстанның оқырман ұрпағы – 2021» жалпыұлттық акциясын өткізуді ұсынып отыр. Яғни шығармашылық интеллигенция өкілдерін, қайраткерлерін, қазақстандық мәдениет пен спорт жұлдыздарын, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқу белсенділігі мен кітап оқу мәдениетін арттыруға бағытталған түрлі шаралар өткізу, балалар мен жасөспірімдер арасында кітап оқу мәртебесін көтеру және отбасылық кітап оқу дәстүрін қолдау. Онда кітап оқу марафондарын, челлендждер, флешмобтар, кітапханаларға кітаптар сыйға тартылады.