Семейдегі аспалы көпірде Абайдың әні орындалды

Алматылық әнші Бағжан Октябрьдің әсем әнді 95 метр биіктікте әуелетуіне Шығыс Қазақстан облысының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мұрындық болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осындай жаңашылдықпен ақынның шығармашылығын насихаттамақ. Сондай-ақ мәнерлеп сырғанаушы Ксения Панкратованың қатысумен де жаңа туындының әзірленіп жатқаны мәлім болды.

Бағжан Октябрь, виолончельші:

– Біздің мақсат - Шығыс Қазақстан өңірінің керемет, күшті жерлерін, әдемі табиғатын көрсету. Сол көпірдің үстіне шығып, қолыма виолончель алып, Абай атамыздың әуенін қосқан кезде шабыттандым.