Павлодарлықтар динозаврлар экспозициясын тамашалап жатыр

Павлодарлықтар жүздеген миллион жыл бұрын өмір сүрген динозаврлар экспозициясын тамашалап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс орталығына Санкт-Петербург музейінің жәдігерлері әкелінді. Көрмеге динозаврдың 12 түрі қойылған. Олар қозғалып, жан-жағына мойнын бұра алады. Тіпті ақырып, айбат шегеді. Көрмені қызықтап келгендерге динозаврлар тіріліп кеткендей әсер береді.

Антонина Серікбаева, экспозиция жетекшісі:

- Динозаврларға жан бітіру үшін компрессордың көмегімен ішіне жел үрленеді. Осының арқасында олар қозғалады. Әсіресе, балалар үшін қызық. Кейбіреуі қорқып қашады. Көзі үйренгеннен кейін қайтадан келіп қолдарымен ұстап көріп жатады.